Кодола "Барысқа" ауысты

Кодола
Хоккей

"Барыс" және минскілік "Динамо" хоккей клубтары ойыншылармен алмасты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Осы келісімнің аясында астаналық команданың қорғаушысы Кристиан Хенкель "Динамо" құрамын толықтырса, қазақстандық ұжымға Владислав Кодола қосылды. Кристиан Хенкель былтыр маусым барысында "Ак Барс" клубынан келген болатын. Қорғаушы "Барыс" құрамында 32 ойынға қатысып, 7 (1+6) ұпай жинаған. 

Беларусь құрамасының шабуылшысы Владислав Кодола минскілік және мәскеулік "Динамо", "Северсталь" командалары сапында Құрлықтық хоккей лигасында 340 ойын өткізген. Өткен маусымда минскілік клубта 45 ойын өтізіп, 14 (3+11) ұпай жинаған. Ол "Барыспен" 2025 жылдың 31 мамырына дейін келісімге қол қойды.  

"Аркадий Шестаков кеткенен кейін бізде орталық шабуылшы тапшылығы пайда болды. Біз бұл маңызды орынды тәжірибелі хоккейшімен жабуды шештік. Владислав Кодола ҚХЛ-да сегіз маусым ойнаған, сонымен қатар оның халықаралық деңгейде жақсы тәжірибесі бар. Жақында Беларусь құрамасында капитан міндетін атқарған Кристиан Хенкельге "Динамода" сәттілік тілейміз!" -, деді "Барыстың" бас менеджері Олег Болякин.