Түркістандық велоспортшылар Талғарда өткен жарыста екі рет күміс жүлдегер атанды

Түркістандық велоспортшылар Талғарда өткен жарыста екі рет күміс жүлдегер атанды
Велоспорт

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы, Талғар қаласында 2008-2009 және 2010-2011 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында «Геннадий Сергеевич Третьяков атындағы сыйлық үшін» республикалық веложарыс өтті. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркістан облысының велоспортшылары аталған жарыста бой көрсетіп, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. 13-14, 15-16 жас аралығында өткен жарыста Түркістан өңірінен Жаннэль Садыкова екі рет қатарынан күміс жүлдегер атанды. Ол 2008-2009 ж. қыздар арасында 50 км. қашықтықта 8 айналымда және критериум веложарысы бойынша 10 айналымда 2-орындарға ие болды.

Жалпы, аталған жарысқа 8 өңірден 16 команда қатысқан болатын.