Екі баскетболшы "Астана" клубынан кетті

Баскетбол
Джордан Скиппер-Браун мен Василие Пушица келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты «Астанадан» кетті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Америкалық шабуылшы Скиппер-Браун қаңтар айында қазақстандық клуб сапына қосылған болатын. Осы аралықта ол ВТБ Бірыңғай Лигасында 15 матч өткізді. Жоғарыдан соққа жасаудың шебері Джордан ВТБ Бірыңғай Лигасы Жұлдыздар матчындағы данк-контесте жеңімпаз атанған «Астананың» алғашқы ойыншысы атанды.
Сербиялық қорғаушы Василие Пушица да қаңтарда «Астана» құрамын толықтырып, команда сапында ВТБ Бірыңғай лигасының 20 матчында ойнаған.