"Астана" клубы ВТБ Бірыңғай лигасы маусымын жеңіспен аяқтады
Баскетбол
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы биылғы маусымындағы соңғы ойынын өткізді. Фотиос Такианос бастаған команда өз алаңында «Самараны» жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Кездесу тартысқа толы болды: төрт ширектің бәрінде ешбір команда үш не одан көп ұпай айырмашылығымен жеңіске жеткен жоқ. Осылайша, командалар жеңімпазды овертаймда анықтап, онда қазақстандық баскетболшылар қарсыласынан басым түсті — 94:92. Маркелл Джонсон (39 ұпай, 5 пас) ойынның сөзсіз көшбасшысы атанса, Девин Дэвис (19 ұпай, 11 допты алу) пен Вадим Щербак (12 ұпай) та жақсы ойын өрнегін көрсетті.
«Астананы» жеңісімен құттықтаймын. Дайындық туралы айта кетейін: осы матчты қатты жеңгім келді, алайда баскетболшылар мен үшін ойынға келмеді. Бұл туралы бірінші рет айтып отырмын. Бапкер ретіндегі қателігім осы жерде. Менің ойымша, спортта мұндай менталитет болмауы керек», — деп ойынды қорытындылады «Самара» бас бапкері Дражен Анзулович.
Біздің командамыз үшін маусым әлі аяқталған жоқ: мамырда «Астана» ҚР Суперкубогы мен Батыс-Азия Суперлигасында бақ сынайды.