Юсуф Батырмұрзаев Париж Олимпиадасына жолдама еншіледі

Юсуф Батырмұрзаев Париж Олимпиадасына жолдама еншіледі
Күрес

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық Юсуф Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Еркін күрестен 125 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырмұрзаев жартылай финалда бахрейндік Шамиль Могамед Шариповты жеңді. Есеп - 7:3. 

Айта кетелік, бүгінгі жарыс күнінде 97 келі салмақтағы Әлішер Ерғали де Париж жолдамасын қоржынға салған болатын.

Одан бөлек, әлем чемпионатындағы Азамат Дәулетбековтің де лицензиясы бар.