Бакудегі турнир: үш қазақ топ жарды, Теміртас Жүсіпов - күміс жүлдегер

Бакудегі турнир: үш қазақ топ жарды, Теміртас Жүсіпов - күміс жүлдегер
Бокс

Қазақстандық боксшылар Бакудегі (Әзербайжан) халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады, деп жазады Olympic.kz.

Финалда бес қазақстандық боксшы айқасып, оның үшеуі алтын медаль жеңіп алды.

Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді.

48 келідегі Теміртас Жүсіпов Хасан Маликовтен (Әзербайжан), Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевтен жеңілді. Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.