Бакудегі турнир: бес қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады

Бакудегі турнир: бес қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
Бокс

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Қазақстан сапынан бес боксшы финалға шықты.

Ақтық сында Теміртас Жүсіпов, Тимур Қабдешов, Талғат Сырымбетов, Дархан Дүйсебай және Сағындық Тоғамбай сынға түседі. Финалдық жұптар: 48 келі: Хасан Маликов (Әзербайжан) - Теміртас Жүсіпов (Қазақстан)

54 келі: Тимур Қабдешов (Қазақстан) - Хожаназар Нортожиев (Өзбекстан)

60 келі: Азрак Бабиров (Әзербайжан) - Талғат Сырымбетов (Қазақстан)

71 келі: Дархан Дүйсебай (Қазақстан) - Бекзод Хамидов (Өзбекстан)

92 келі: Альфонсо Домингес (Әзербайжан) - Сағындык Тоғамбай (Қазақстан)