Бакудегі турнир: бес қазақ боксшысы жеңіліссіз келе жатыр

Бакудегі турнир: бес қазақ боксшысы жеңіліссіз келе жатыр
Бокс

Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан бокстан "Ұлы Жібек жолы" турнирінде Қазақстан сапынан бес боксшы жартылай финалға жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бүгін шаршы алаңға шыққан үш боксшымыздың үшеуі де келесі кезеңге өтті. 

Талғат Сырымбетов (60 келі) Венгрия боксшысын, Дархан Дүйсебай (71 келі) Әзербайжан боксшысын, Бекзат Таңатар (86 келі) Өзбекстан өкілін ұтты. 

Кешегі жарыс күнінде Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сағындық Тоғамбай (92 келі) қарсыластарынан басым түскен болатын. 

Ал команда үздігі Қамшыбек Қоңқабаев пен Серік Теміржанов бірінші кездесуде ұтылып қалды.