"Нәпақа табу үшін кеткен": бас бапкер АҚШ-та көз жұмған қазақ балуанының күрестен қол үзгенін айтты

Күрес

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбектің қазасына өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz сайты. 

Мұхамбет 16 наурыз күні Америкада көз жұмды. Бүгінде спортшының денесін елге әкелу мәселесі шешілуде.

«Бұл балуанның қазасы бәрімізге ауыр тиді. Ол ұлттық құрамада болмаған. Себебі, жастайынан күресті тастап кеткен. Нәпақа табу үшін Америка асқан екен. Иә, қазір көптеген балуан шетелге күнкөріс үшін кетуде. Америкаға не үшін кетеді? Әрине, күнкөріс үшін. Марқұм балуанның бапкері де спорттан бизнес саласына ауысқан», — деді Құрамысов.

Айта кетелік, Мұхамбет Қуатбек 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы. Сондай-ақ, ол жасөспірімдер арасындағы Азия, әлем чемпионаттарынан жүлде алған.