СІМ өкілі қазақ балуаны Мұхамбет Қуатбектің өліміне не себеп болғанын айтты

СІМ өкілі қазақ балуаны Мұхамбет Қуатбектің өліміне не себеп болғанын айтты
Күрес

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандық балуан Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы kaz.nur.kz хабарлады. 

"2024 жылғы 19 наурызда Нью-Йорк қаласының консулдығына Филадельфия қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфиядағы мәйітханаға жеткізілді. Филадельфия қаласының сот-медициналық кеңсесінің мәліметі бойынша өлім жүректің тоқтап қалуынан болған. Нақты ақпаратты күтіп отырмыз. Қазақстанның консулы қайтыс болған азаматымыздың туыстарымен байланыста. Қазіргі уақытта спортшының денесін Қазақстанға жеткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр", – деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, еркін күрестен 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек көз жұмды. Ол жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері.