«Барыс» екі легионермен келіссөз жүргізіп жатыр

«Барыс» екі легионермен келіссөз жүргізіп жатыр
Хоккей

"Барыс" ХК

«Барыс» клубының бас директоры Борис Иванищев ҚХЛ-ның жаңа маусымына құрамды жасақтауа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Championat.com-ға берген сұхбатында ол қатарға кімдер қосылуы мүмкін екенін айтты.

— Шетелдік ойыншылардан кімдер қалуы мүмкін?

— Дәл қазір біз Давид Скленичке және Алекс Грантпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

— Дедлайнда қақпашы Эдди Паскуалені ауыстырмадыңыздар?

— Паскуале бойынша ұсыныстар болғаны рас, дегенмен ол кезде біз плей-оффке шығудан үмітті болдық, сондықтан оны жіберуге негіз болған жоқ.

— Бракко мен Барберді қайтару жоспарда бар ма?

— Бұл ойыншыларға қатысты жоспар жоқ.