Қазақстандық көркем жүзушілер Азия чемпионатында топ жарды
Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы 1 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында ұлттық құрама қоржыны бір алтын медальмен толықты. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.
Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.
Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс
Қазақстан - 204.6708 ұпай
Өзбекстан - 183.5552
Таиланд - 124.9374