Ресми: Хуан Асприлья – «Шахтер» ФК ойыншысы

Ресми: Хуан Асприлья – «Шахтер» ФК ойыншысы
Футбол

instagram.com/shakhterfc

«Шахтер» футбол клубы колумбиялық шабуылшы Хуан Асприльямен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Футболшы Қарағанды клубына еркін агент ретінде ауысып келді. Келісім уақыты 2024 жылдың соңына дейін есептелген.

24 жастағы Асприлья колумбиялық «Букараманга», «Америка», «Реал Сан-Андрес», «Льянерос» және «Бояко Чико» командаларында өнер көрсеткен.