Жан Али Пайруз - «Елімай» футбол клубының ойыншысы
Футбол
instagram.com/fc_elimai
24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Жан Али Пайруз Семей клубының қатарын толықтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Ол Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Оның өз мансабында «Шахтер», «Шахтер-Болат» және «Каспий» футбол клубтарында ойнаған.
Клубтық деңгейде 120 ойын өткізіп, 11 гол соқты және 16 нәтижелі пас беріп үлгерді. Сондай-ақ ойыншы халықаралық аренада Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғады.
Жартылай қорғаушы бұған дейін Түркістанның «Мақтаарал» клубында ойнаған.