Никита Михайлис ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын алты ойыншының қатарына енді

Никита Михайлис ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын алты ойыншының қатарына енді
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы мен Магнитогорскілік "Металлург" клубының шабуылшысы Никита Михайлис Құрлықтық хоккей лигасында ең көп жалақы алатын ойыншылар қатарына кірді. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлады, деп жазады Bassport.kz. 

28 жастағы Никитаның жылына 80 миллион рубль табыс табатыны белгілі болды. Бұл ҚХЛ-дың жалақысы көп хоккейшілері арасындағы алтыншы нәтиже. 

Бірінші орында 101 млн рубль табатын Владимир Ткачев ("Авангард"), екінші орында 95 млн табысы бар Рид Буше, үшінші орында Александр Радулов ("Ак Барс") қорытындылаған. Оның жылдық жалақысы - 90 млн рубль. 

"Барыс" сапында ең көп жалақы алатын ойыншылар көшін канадалық Эдвард Паскуале бастап тұр. Жылына 65 млн рубль айлық алатын ол ҚХЛ тізімінде  28-орынға жайғасқан. 

"Барыстың" тағы бір канадалық ойыншысы Алекс Грант 58 млн рубль табыс табады.