Геннадий Головкин Қазақстан ҰОК президенті болып сайланды

Геннадий Головкин Қазақстан ҰОК президенті болып сайланды
Басқа

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып даңқты боксшы Геннадий Головкин сайланды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен ҚР ҰОК Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысында белгілі болды. 

Головкин бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келе жатқан Тимур Құлыбаевты алмастырды. 

Айта кетелік, бұған дейін боксшының Ұлттық Олимпиадалық комитет басшылығына келетіні желіде хабарланған еді.