Жібек Құламбаева Таиландтағы турнирдің жартылай финалынан сырт қалды

Жібек Құламбаева Таиландтағы турнирдің жартылай финалынан сырт қалды
Теннис

Қазақстандық, әлемнің 491-ракеткасы Жібек Құламбаева Таиландтағы ITF турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 486-ракеткасы, бельгиялық Клара Власселармен кездесті. Бірінші партияда Жібек басымдылық танытты – 6:2. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмады - 4:6, 4:6.

К.Власселар финалға шығу үшін әлемнің 457-ракеткасы, жапониялық Саки Имамурамен таласады. Ол рейтингіде 613-орындағы қытайлық Чжэн Вушуаньды жолдан тайдырды – 7:6 (7:5), 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз. Александр Недовесов Мексикада жарыстың 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты.