Алматыда Қазақстан Кубогының шешуші кезеңі аяқталды
Спортты дамыту дирекциясы
20-21 ақпан аралығында Алматы қаласындағы «Медеу» мұзайдынында конькимен жүгіруден Қазақстан Кубогының ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Маусымның шешуші жарысына 6 облысы мен ірі қалалардан (Алматы, Астана қаласы; Абай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО мен ШҚО) 160 спортшы қатысты. Бұл қатарда Ұлттық құрама сапында халықаралық турнирлерде жүлде алып жүрген Нұралы Ақжол, Бақдәулет Сағатов, Дарья Гаврилова, Кристина, Алина және Инесса Шумековалар бар.
Нәтижесі мынадай:
Әйелдер, 500 метр:
1. Маргарита Артемьева (Алматы) 40,94 секунд
2. Алена Лифатова (Павлодар облысы) 41,32
3. Дарья Гаврилова (Астана) 41,44
Ерлер, 500 метр:
1. Алтай Жәрдембекұлы (Астана) 36,14 секунд
2. Артур Галиев (Астана) 36,31
3. Никита Клевченя (Алматы) 36,98
Әйелдер, 1500 метр:
1. Диана Бачурина (Астана) 2,14,75 секунд
2. Еңлік Жәрдембекқызы (Астана) 2,19,27
3. Анасатсия Рылина (СҚО) 2,21,37
Ерлер, 1500 метр:
1. Бақдәулет Сағатов (Астана) 1,55,66 секунд
2. Алтай Жәрдембекұлы (Астана) 1,56,66
3. Павел Мананков (Қарағанды облысы) 2,02,23
Әйелдер, 1000 метр:
1. Анастасия Беловодова (Абай облысы) 1,23,65 секунд
2. Арина Ильященко (Павлодар облысы) 1,25,98
3. Еңлік Жәрдембекқызы (Астана) 1,27,20
Ерлер, 1000 метр:
1. Александр Кленко (Қостанай облысы) 1,12,54 секунд
2. Демьян Гаврилов (Астана) 1,13,320
3. Алтай Жәрдембекұлы (Астана) 1,13,321
Әйелдер, 3000 метр:
1. Диана Бачурина (Астана) 4,59,06
2. Айзада Рымбек (Астана) 5,05,61
3. Анастасия Рылина (СҚО) 5,09,19
Ерлер, 5000 метр:
1. Нұралы Ақжол (Астана) 7,35,11
2. Вадим Чебардаков (Абай облысы) 7,44,01
3. Алдияр Төлегенов (Астана) 7,50,35.
Енді 22-23 ақпанда командалық Қазақстан чемпионаты өтеді.