Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 80-орында тұрған Мажарстан өкілі Мартон Фучовичпен кездесті.
Бірінші партияда мажарстандық спортшы 6:2 есебімен басым түсті. Есесіне содан кейін Бублик ұрымтал сәттерде шеберлігін көрсете білді - 6:3, 6:4.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 46-ракеткасы, австралиялық Алексей Попыринмен кездеседі.