ҚХЛ: плей-оффқа шыққан клубтар анықталды

ҚХЛ: плей-оффқа шыққан клубтар анықталды
Хоккей

pixabay

Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Турнирдің бұл сатысында барлығы 16 команда сынға түседі. Елордалық «Барыс» биыл топтық кезеңде 22-орынды місе тұтып, плей-офф сатысынан тыс қалды.

Елорда клубы бақ сынап жатқан Батыс конференциясынан Ресейдің «Авангард» (Омбы), «Металлург» (Магнитогорск), «Салават Юлаев» (Уфа), «Ак Барс» (Қазан), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Трактор» (Челябинск), «Лада» (Тольятти) және «Амур» (Хабаровск) командалары плей-офф сатысына жолдама алды.

Ал Шығыс конференциясынан Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Динамо» (Мәскеу), «Локомотив» (Ярославль), «Спартак» (Мәскеу), «Северсталь» (Череповец), «Торпедо» (Нижний Новгород), ЦСКА (Мәскеу) және Беларусьтің «Динамо» (Минск) командалары жарыстың келесі сатысында ойнайды.

Құрлықтық хоккей лигасы 2008/09 жылғы маусымнан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.