Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Теннис

Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет плей-офф сатысына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, В тобында Қазақстан Сауд Арабиясы (3:0) мен АҚШ-тан (3:1) басым түсті.

Англия (өткен әлем чемпионатының 1/8 финалисі) және Германиямен (өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері) болған аса тартысты ойында қарсыласқа есе жіберді (екі ойын 2:3 есебімен аяқталды). Осыған қармастан топта 2-орын алды. Егер Ұлттық құрама ширек финалға шықса, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болады.

Қазақстан құрамасы сапында сынға түсіп жатқандар – Кирилл Герасименко (7 жеңіс), Алан Құрманғалиев (1 жеңіс, 4 жеңіліс), Айдос Кенжеғұлов (1 жеңіс, 4 жеңіліс).

Плей-оффтағы алғашқы матчтар 21 ақпанда өтеді.

1/16 финал. Қазақстан – Үндістан (С тобында 3-орын).

2022 жылғы әлем чемпионатында екі команда топтық кезеңде жолығып, ұлттық құрама 2:3 есебімен жол берген.

1/8 финал. Қазақстан/Үндістан – Оңтүстік Корея (өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері)

Бұған дейінгі көрсеткіштер:

2022 жыл — топтық кезеңде 4-орынмен аяқтады.

Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсіп, бірінші рет жеңіске қол жеткізді.

2018 жыл — 2 дивизион

2016 жыл — 3 дивизион

2014 жыл — 3 дивизион

2012 жыл — 4 дивизион.