ҰБҚ чемпионы балаларының анасын қылқындырған

ҰБҚ чемпионы балаларының анасын қылқындырған
Баскетбол

Aktuelno.me

ҰБҚ-ның бұрынғы ойыншысы Брин Форбс үшінші дәрежелі қылмысты жасады деп айыпталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Белгілі болғандай, баскетболшыға отбасы мүшелерін тұншықтырды деген айып тағылған. Дереккөз мәліметінше, сот оны қамауға алу туралы санкция беріп, 7500 доллар көлемінде кепіл белгілеген.

Сот құжаттарына сәйкес, Форбс өзінің екі баласының анасын ұрып, сонан соң қылқындарған.

Айта кетерлігі, Форбс бір жыл бұрын отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша айыпталған. Сонан соң айып алынды.

ҰБҚ-дағы карьерасында Брин «Сан-Антонио Спёрс», «Милуоки Бакс», «Денвер Наггетс» және «Миннесота Тимбервулвз» клубтарында ойнаған. 2021 жылы ҰБҚ чемпионы атанған.