Баскетболдан Қазақстан құрамасы іріктеу сынын жеңіспен бастады

Баскетболдан Қазақстан құрамасы іріктеу сынын жеңіспен бастады
Баскетбол

@qaz_olympics

Қазақстан ұлттық баскетбол құрамасы Азия кубогінің іріктеу кезеңін сәтті бастап, Үндістан құрамасын "Сарыарқа" велотрегінде 63-50 (13:16; 18:10; 13:7; 19:17) есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан сапында Рустам Мырзағалиев 18 ұпай жинап үздік атанса, қарсылас құрамада Мутху Кришнан 17 ұпай жинап үздік атанды.

Ұлттық құрама капитаны Шаим Қуанов жанкүйерлерге өз алғысын білдірді:

"Бұл біз үшін маңызды жеңіс. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдіремін".

Бұл жеңіс 2025 жылғы Азия кубогінің іріктеу кезеңінің сәтті бастамасы болды. 26 ақпан күні ұлттық құрама сырт алаңда Катар құрамасымен күш сынасады.