Магомед Адиев Нұралы Әліптің мүмкіндіктерін бағалады

Магомед Адиев Нұралы Әліптің мүмкіндіктерін бағалады
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Магомед Адиев қорғаушы Нұралы Әліпке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Әліп аяғында нық тұр, мені оны жақсы білемін. Ол өзін-өзі жасаған адам. Бірақ еуропалық алыптардың қызығушылық танытып жатқаны туралы әңгімелер оны жолдан тайдыра ма деп қорқамын. Нұралы «Зениттің» негізгі құрамына алынбаған кездерде де ол жаттығуда барын салатын. Құрамадағы ойыны өте сапалы. Еуропа аренасы да мұны көріп жүр, сондықтан оған көз тіге де бастаған болуы мүмкін.
Әліпке қай чемпионат дөп келетінін айту қиын. Ол физикалық тұрғыда мықты, өте жылдам және ауада жақсы ойнайды. Нұралы дамып келеді, ол әлі де дами түсетін жаста, - деді Адиев.