Қазақстандық теннисші ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты
РИА Новости Спорт
Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Шевченко Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жуырда ғана Қазақстан азаматтығын алған А.Шевченко алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 126-орында тұрған франциялық Бенжамен Бонзимен өзара кім мықтыны анықтады.
Қазақстандық спортшы бір жарым сағатқа созылған ойында 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол матч барысында 7 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 6 эйс, 1 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.
Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін 7 ақпан күні әлемнің сегізінші, осы жарыстың бірінші ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен таласады.
Жүлде қоры 724 015 еуроға бағаланған дода 11 ақпанда мәресіне жетеді.