Шамиль Ожаев Қазақстан чемпионатынан аластатылды

Шамиль Ожаев Қазақстан чемпионатынан аластатылды
Күрес

wikipedia.org

Грек-рим күресінен 2020 жылғы Ресей чемпионы Шамиль Ожаев Астанадағы Қазақстан чемпионатынан аластатылды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бұл туралы Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы біздің тілшімізге мәлімдеді. Әзірге палуан не себепті шеттетілгені белгісіз. Айта кетейік, Ожаев олимпиадалық салмақ саналатын 87 келіде белдесуі керек-тін.

Еске салайық, күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты 1-ақпанда басталды. Кеше бес салмақта ел чемпиондары анықталды.