«Барыс» қатарынан алтыншы рет ұтылды

«Барыс» қатарынан алтыншы рет ұтылды
Хоккей

hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астананың «Барыс» клубы өз айдынында Омбының «Авангардын» қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу 1.3 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды.

Олег Болякин мына құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) — Скленичка-Ножье, Старченко-Оберг-Апальков; Хенкель-Нұрғалиев, Савицкий-Шестаков-Муратов; Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Червени; Шалапов, Оспанов-Борисевич-Рымарев.

Негізі матчта есіпті бірінші болып «Барыс» ашқан. Ойынның 17-минутында Аркадий Шестаков мергендік танытты. Дегенмен екінші таймның басында «Авангард» таразы басын теңестірді. Артынша қонақтар екінші шайбаны соқты. Ойынның аяқталар тұсында «Авангард» үшінші рет қақпаны дәл көздеп, есепті 1:3-ке жеткізді.

Елордалықтар осымен алтыншы ойында жеңіліп отыр. Мұның алдында «Ак Барстың» басымдығын мойындауға мәжбүр болған - 1:3.