Астанадағы ірі турнир: қазақ атлеттері қандай нәтиже көрсетті

Астанадағы ірі турнир: қазақ атлеттері қандай нәтиже көрсетті
Жеңіл атлетика

Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Astana Indoor Meet – Азияда алғаш рет өткен World Indoor Tour «алтын» сериясының турнирі. Жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысуда. Оның ішінде 28 спортшы ел намысын қорғады, 

Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ол 190,3 метрді бағындырды. 184 метрге секірген Кристина Очинникова төртінші орында. 

60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов төртінші орын алды. Вячеслав Земс 400 метрге жүгіруден ерлер арасындағы сында үшінші нәтиже көрсетті. 

Ұзындыққа секіруден Анатасия Рыпакова 8-орынға тұрақтады. 400 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы бәсекеде Аделина Земс алғашқы төрттіке енді.