Әбужақынова Португалиядағы өнеріне қатысты ойын айтты

Әбужақынова Португалиядағы өнеріне қатысты ойын айтты
Дзюдо

instagram.com/abiba48

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне қол жеткізгеннен кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Біз үшін жаңа маусым басталды. Жылдың алғашқы жарысында қола медальға қол жеткіздім. Енді үйге барып, бұйырnса. қателіктеріммен жұмыс істеп, алда алтын медаль әрекет жасаймыз. Бірақ біздің әрбір жарысымыз Олимпиадаға ұпай берілетіні себепті, әрбір медалім мен үшін аса маңызды. Барша қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, қазақ еліне үлкен алғысымды білдіремін. Баршаларыңызға рахмет, - деді жарыстан кейін Абиба Абужақынова.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын.