Канвон-2024: қазақстандық конькиші 8-орынға тұрақтады
Қысқы спорт
olympics.com
Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында конькишілер 1500 метр қашықтықт бақ сынады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бұл сында еліміздің атынан екі спортшы өнер көрсетті: Руслан Жанәділов пен Михаил Матрюхин.
Қорытынды бойынша тәуір нәтижеге 8-орынға тұрақтаған Жанәділов қол жеткізді – 1:55.67 (жеңімпаздан қалыс қалған уақыты — +2.63). Матрюхин мәре сызығын 17-болып кесті (+11.07).
Алтын медаль неміс Финн Зоннекальбке бұйырса (1:50.53), күмісті қытайлық Пан Баошуо (+2.31) иеленді. Ал үздік үштікті жапон Сота Кубо қорытындылады (+2.63).