"Алтын доптың" абыройы қалмады: Роналду әйгілі жүлдені сынға алды

Футбол

Футболдағы ең беделді жүлделердің бірі "Алтын доп" туралы әйгілі Криштиану Роналду пікір білдірді. "Алтын допты" бес рет жеңіп алған ол қазір бұл марапаттың әділ өтетініне сенбейтінін айтқан, деп жазады Record басылымына сілтеме жасаған Bassport.kz. 

"Алтын доптың" беделі түсіп барады деп ойлаймын. Әрине, бұл оған Месси, Холланд немесе Мбаппе лайық емес дегенді білдірмейді. Бар болғаны - мен мұның әділеттігілігіне бұдан былай сенбеймін",  - деді Роналду. 

Айта кетелік, 2024 жылдың қаңтарында Лионель Месси сегізінші рет "Алтын доп" иегері атанды. Биыл жүлдеге Эрлинг Холланд мен Лионель Месси де үміткер болған.