«Тобыл» сапына марокколық футболшы қосылды

«Тобыл» сапына марокколық футболшы қосылды
Футбол

instagram.com/_elmessaoudi_

Марокколық футболшы Ахмед Эль-Мессауди Қостанайдың «Тобыл» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ахмед енді жаңа маусымда «Тобыл» намысын қорғайды.

Клуб мәліметінше, Ахмед Эль-Мессаудидің бельгиялық төлқұжаты бар. Ол Бельгияда дүниеге келген және «Льерс» клубының тәрбиеленушісі саналады.

2015 жылы Ахмед «Стандардқа» жалға берілді. 2016 жылдың басында Эль-Мессауди «Мехеленге» қосылды. Бір жылдан кейін клуб ойыншыны сатып алды. Ал «Тобылға» дейін Ахмед Эль-Мессауди «Фортуна», «Гронинген», «Эммен»(барлығы – Нидерланд) және «Газиантеп» (Түркия) сияқты клубтарда ойнады.

Эль-Мессауди Бельгияның түрлі жастағы құрамаларында ойнады. 2015 жылы ол тарихи отанына оралуға шешім қабылдады. Уругвай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Ахмед Марокко құрамасында дебют жасады.

Мамандардың пікірінше, ол денесінің ірілігіне қарамастан, өте жылдам қозғалады. Дриблингі мықты, өткір пас бере алады. Оның оң аяғымен бағыттайтын соққысы мығым.

Туған күні: 3 тамыз 1995

Бойы: 182 см

Салмағы: 83 келі

Позициясы: жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Марокко