Жақында әскерге шақырылған Санжар Тәшкенбай "Странджа" кубогіне қатысады

Жақында әскерге шақырылған Санжар Тәшкенбай
Бокс

Ақпан айының 2-12 аралығында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Осымен 75-рет өткізілетін турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы мүмкін. 

"Странджа" турниріне қатысатын Қазақстан командасы: 

51 келі: Санжар Тәшкенбай

54 келі: Дәулет Молдашев

57 келі: Оразбек Асылқұлов

60 келі: Руслан Күзеубаев

63,5 келі: Ерасыл Танкай

67 келі: Дулат Бекбауов

71 келі: Талғат Шәйкен

75 келі: Нұрқанат Райыс

80 келі: Тұрсынбай Құлахмет

86 келі: Абзал Құттыбеков

92 келі: Сағындык Тоғамбай