Қазақстан су добынан Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Қазақстан су добынан Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Басқа

Таиландтың Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

Су добынан сынға түскен Қазақстан құрамасы турнирді сәтті аяқтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ақтық мәреге дейін сенімді жеткен отандық ватерполшылар шешуші матчта құрлықтың азулы ұжымдарының біріне есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты.

Бұл табыс Қазақстан су добы мектебінің халықаралық аренадағы жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.