Қазақстан алғаш рет практикалық атудан алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстан алғаш рет практикалық атудан алтын жүлде жеңіп алды
Басқа

Қазақстан өз тарихында алғаш рет практикалық ату спортынан әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс Таиландта өтті. Наталья Местоева екі медаль иеленді.

Алғашында дуэль бойынша алтын медаль иеленсе, кейін жеке сында қола жүлдегер атанды.

Осыған қоса Наталья Местоева, Лилия Уварова, Кристина Асықбаева және Дана Кабашевадан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте 2-орын алды.

Ал жасөспірімдер арасындағы жарыста Сергей Литвинов жеке есепте 4-орын алды.

Мылтық санатындағы практикалық ату бойынша әлем кубогы төрт жылда бір рет өткізіледі.

Бұл практикалық ату жарысындағы Олимпиада деп атаса да болады.