Челси - Тоттенхэм матчында сенсация тіркелді (ВИДЕО)
АПЛ-нің 11-ші турында Лондонның екі командасы кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Өте тартысты өткен ойын жанкүйерлер мен футбол мамандары ойлағандай болмады.
Рас, алаң иелері кездесудің 6-минутында есеп ашты. Бірақ бұл олардың осы матчтағы алғашқы және соңғы жетістігі болды.
Содан кейін тек қонақтар гол соқты. Нәтижесінде "Челси" 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазіргі командалардың жағдайында бұл кішігірім сенсациялық нәтиже болды.
Матч төрешісі Майкл Оливер Тоттенхэмнің екі ойыншысын алаңнан қуып, бірнеше голды санамай, әр даулы эпизодты VAR жүйесімен қарай берді.
Бұл Тоттенхэмнің чемпионаттағы алғашқы жеңілісі.
"Шпорлар" Манчестер Ситиден 1 ұпайға қалып, 2-орында қалды. Ал "Челси" 10-орынға көтерілді.