Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Бессайыс

Спортты дамыту дирекциясы

Нуса-Дуа қаласында (Индонезия) биатл мен триатлдан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Мұнда 34 елдің 700 атлеті 4 күн бойы өзара шеберлік байқасады, Биатлдан аралас эстафетада 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Әнел Исабаева мен Никита Дубинский чемпион атанды.

Сондай-ақ 17 жасқа дейінгілер сынында Юлиана Петрова мен Алмас Савет мәреге үшінші болып келді. Әлем чемпионаты 5 қарашада мәресіне жетеді.

Айта кетейік, Триалға жүзу, жүгіру және ату, ал биатлға жүзу мен жүгіру спорты кіреді. Жарыс осы спорт түрлері арасында тоқтаусыз режимде жүргізіледі.