Месси мен Роналдудан кейін «Алтын доп» кімге бұйыратыны айтылды

Месси мен Роналдудан кейін «Алтын доп» кімге бұйыратыны айтылды
Футбол

©france football

Ағылшынның «Астон Вилла» клубы мен Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес француз шабуылшысы Килиан Мбаппе туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қақпашының сөзінше, болашақта Лионель Месси мен Криштиану Роналду футболдан кеткен соң Мбаппе көптеген «Алтын допқа» иелік етеді.

Мбаппе маған әлем чемпионатының финалында проблема туғызды ма деп сұрайсыз. Әрине. Оның әлемнің үздіктерінің бірі екені бекер емес. Мен оған адам ретінде де, футболшы ретінде де үлкен құрметпен қараймын. Килиан – үлгі боларлықтай азаматү өте керемет жігіт. Франция құрамасымен бірге бір әлем чемпионатында топ жарып, екіншісінде финалға дейін жетті. Шешуші ойында хет-трик авторы атанды. Әрбір француз онымен мақтануы керек деп ойлаймын, - деді Мартинес.