Макгрегордың UFC октагонына неге шықпай жүргені анықталды

Макгрегордың UFC октагонына неге шықпай жүргені анықталды
Жекпе-жек

©instagram.com/thenotoriousmma

Аралас жекпе-жек шебері ирландиялық Конор Макгрегор (22-6) UFC октагонына 2021 жылғы 11 шілдеден бері шыққан жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сол кезде ирландиялық спортшы америкалық Дастин Порьемен өткен айқаста аяғын сындырып алған. Ал 2016 жылдан бері бар-жоғы төрт жекпе-жек өткізді.

Америкалық промоушеннен неге алшақтап кеткені жайлы Конордың өзі былай дейді:

Мен карьерамды аяқтадым. Бұл «саяси» шешім болды. Компанияның сыртында маған ұнамайтын дүниелер болып жатты. Сол үшін де «Сәттілік, достар. Әрі қарай менсіз» деп айттым.

Сөйте тұра Макгрегор нақты себепті атаған жоқ.

Кету қай кезде де қиын. Біржола кетемін деп ойламаймын. Өз стиліммен жұмыс істеймін. – дейді спортшы vRINGe.com-ға берген сұхбатында.

Кейбір деректер бойынша, Макгрегор октагонға 2024 жылғы көктемде оралып, UFC 300 турнирінің көшбасшысы атануы мүмкін екені айтылуда.