Алексей Луценко Азия ойындарынан кейін Түркияда жеңіске жетіп үлгерді

Алексей Луценко Азия ойындарынан кейін Түркияда жеңіске жетіп үлгерді
Велоспорт

Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Алексей Луценко Қытайдан келе сала «Түркия турының» бір кезеңін жеңіп үлгерді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Луценко жеңіске жеткен кезең жарыстағы ең қиыны. Өйткені велошабондаздар таулы жердің жоғары сатысымен өтеді. Сондықтан «корольдік кезең» деп аталады. Соны бірінші болып отандасымыз Алексей Луценко бағындырды. Astana Qazaqstan Team капитаны 104,1 шақырымды бәрінен бұрын жүріп өтті. Оның уақыт көрсеткіші – 3 сағат 34 минут 17 секунд. Екінші болып, неміс Бен Звиехофф келді. Үздік үштікті тағы бір «Астана» командасынан колумибялық Харольд Техада қорытындылады.

Осы үштік жалпы есепте де көшбастап келеді. «Түркия туры» 15 қазанда аяқталады.