«Қайрат» Кипрде «Омонияға» есе жіберді

«Қайрат» Кипрде «Омонияға» есе жіберді
Футбол

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында сырт алаңда кипрлік «Омониядан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ойынның 13-минутында алаң иелері Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаның кілтін тапты. Гол авторы - Панайотис Андреу. 

Алайда 33-минутта қарсылас сапынан Лоик Него алаңнан қуылды. Үлкен басымдыққа ие болған алматылық клубтың аяқдопшылары көп уақыт бойы көпшілікте ойнаса да «Омония» қорғанысын бұза алмады.

Айта кетейік, қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.