Қазақстан бадминтоннан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге қатысады
Басқа
olympic.kz
Ыстанбұлда (Түркия) бадминтоннан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасының атынан Арнур Тапишев, Тимур Бурханов, Диана Наменова, Алиса Кулешова қатысады. Турнирде жалпы, 13 елден 142 спортшы бақ сынайды.
Айта кетейік, халықаралық жарыс 25 шілдеде аяқталады.