Қазақстанның мергендері Азия ойындарында тағы жүлдегер атанды

Қазақстанның мергендері Азия ойындарында тағы жүлдегер атанды
Азиада 2023

Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыс өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстанның әйелдер құрамасы ( Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина) 3-орын алды.

Үндістан — 337 ұпай

Қытай — 336 ұпай

Қазақстан — 316 ұпай

Дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылы чемпион атанған.

Ал Мария Дмитриенко 2014 жылы алтын, 2018 жылы жеке сайыста қола, биыл қайта жүлдегерлер қатарынан көрінді.