"Есем кетті": Валентина Хальзова қытайлық қарсыласы туралы не айтты

Азиада 2023

Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Валентина Хальзова қытайлық әлем чемпионынан жеңілді. Спортшы бұл қарсыласынан екінші рет ұтылып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz. 

"Есе қайтара алмадым. Одан екінші рет ұтылып отырмын. Ол менің салмағымдағы ең мықты боксшы. Әлем чемпионы.

Есе қайтарамын деп шығып едім. Болмады. Үшінші раундта өзім ұтқандай сезімде болдым. Бірақ жеңісті бермеді", - дейді Хальзова. 

Айта кетелік, бокстан Қазақстан әйелдер командасының үшінші мүшесі жарыс жолынан шығып қалды. 

Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы