Бүгін төрт боксшы рингке шығады

©Нұрғали Жұмағазы
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бүгін бірнеше боксшымыз рингке шығады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Алдымен күндізгі сессияда әйелдер арасында 54 келідегі Жайна Шекербекова ширек финалда үндістандық Притимен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақытымен 12:00-де басталады. Одан кейін 92 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев пен Бахрейн спортшысы Данис Латыповпен жұдырықтасады. Кешкі сессияда қазақ боксшыларының қатысуымен үш жекпе-жек болады.
Сағат 17:30-да 75 келіге дейінгі әйелдер арасындағы ширек финалда Валентина Хальзова қытайлық Цянь Лимен кездеседі. Сағат 18:45-те ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдық жекпе-жек басталып, Махмұд Сабырхан солтүстіккореялық О Тэ Беоммен қолғап түсйістіреді.
Сағат 19:15-те Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхуджаевпен ширек финалдық кездесу өткізеді.