Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады

Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады
Азиада 2023
Бокс

ҚР ҰОК

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан отандасымыз Назым Қызайбай алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Екі дүркін әлем чемпионы 51 келіде непалдық Таманг Сусмамен кездесті. Төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді Назым келесі айналымда Йесуген Оюнцетцегпен (Моңғолия) жолығады.

Бұған дейін әйелдерден 66 келідегі Наталья Богданова Сауд Арабия спортшысынан басым түскен.

Бүгін сонымен қатар Сағындық Тоғамбай (92 келі) мен Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) шаршы алаңға шығады.