Абиба Әбужақынова қай белдесу қиын болғанын айтты
Дзюдо
Азиада 2023
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған Абиба Әбужақынова қай белдесу өзіне қиын соққанын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Мен үшін жартылай финалдағы қарсыласым – Оңтүстік Корея спортшымен белдесу қиын болды. Париж төрінде үшінші орын үшін таласта жеңгенмін. Ыңғайсыз қарсылас, өзі ұрып күресті. Сол үшін де оған ескерту берілді, - деді Абиба.
Сонымен қатар дзюдошы азулы қарсыластарының атынан да қаймықпайтынын алға тартты.
Финалдағы қарсыласымның атағы жер жарып тұр, бірақ мені мұндай атақтар қорқытпайды, - деді спортшы.
Әбужақынова Загребтегі Гран-приде қола үшін таласта жарақат алып қалған, қалпына келуге үш ай уақыт кетіпті. Дзюдошы қыз Азия ойындарына тыңғылықты даярлықпен келгенін айтты.