«Қырғыз акуласы» екі дүркін әлем чемпионы атанды

«Қырғыз акуласы» екі дүркін әлем чемпионы атанды
Күрес

Грек-рим күресінен 77 келіге дейін салмақтағы мықтылар анықталды. Бұл салмақта «қырғыз акуласы» атанған Ақжол Махмұдов топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол финалда әзербайжандық Санан Сүлейменовті жеңді. Сөйтіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұған дейін 2021 жылы да топ жарған. Токио Олимпиадасында күміс медаль алған. Қырғызстан бұл әлем чемпионатында екі алтын алып үлгерді.

Кеше әйелдер арасында Айсұлу Тыныбекова үшінші жыл қатарынан жеңімпаз болған еді.

Айтпақшы, Жоламан Шаршенбеков те бүгін финалға шықты. Ол ертең жапониялықпен кездеседі. Бұл оның спорттық карьерасындағы төртінші финалы. Осыған дейін бір алтын, екі күміс медаль алған.