Зайнутдинов "Бешикташ" сапында Конферениця лигасында ойнады

Зайнутдинов
Футбол

Стамбулдық "Бешикташ" Конференция лигасының топтық кезеңінің 1-турында сырт алаңда бельгиялық "Брюгге" командасымен кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Тартысты өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Голдарды бельгиялықтар сапынан Ханс Ванакен соқса, түркиялық команда үшін Дженк Тосун есе қайтарды.

"Бешикташтың" жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамда бастап, алаңға кездесудің 66-минутында шықты.

Енді "Бешикташ" Конференциялар Лигасының топтық кезеңіндегі келесі ойынды 5 қазанда швейцариялық "Луганоға" қарсы өткізеді.