Жәмилә Бақбергенова қола жүлдегер атанды

Жәмилә Бақбергенова қола жүлдегер атанды
Күрес

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында отандасымыз Жәмилә Бақбергенова қола жүлде алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ол 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Үшінші орын үшін бәсекеде польшалық Наталья Сразалканы 4:1 есебімен жеңді. 27 жастағы балуан кеше жартылай финалда Моңғолия мықтысы Энх-Амаринға жол берген болатын. Жәмилә осыған дейінгі екі бірдей әлем чемпионатының финалында күрескен. 2019 жылы Ослодан, былтыр Белградтан күміс жүлдегермен қайтқан.

Енді екі аптадан кейін Ханчжоудағы Азия Ойындарында 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды